«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 339 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15313 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларында:
1-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ақшалай үлес - әскери қызметшілерді материалдық қамтамасыз етудің негізгі құралы болып табылатын ай сайын төленетін үлес түрі.
Мерзімді қызмет əскери қызметшілерін, әскери, арнайы оқу орнының кадеттері мен курсанттарын қоспағанда, əскери қызметшілердің ақшалай үлесі ақшалай жабдықталымды (лауазымдық айлықақыны жəне əскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайы үшін үстемеақыны жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақы мен қосымша төлемді қамтиды.
Мерзімді қызмет əскери қызметшілерінің, әскери, арнайы оқу орнының кадеттері мен курсанттарының ақшалай үлесі (стипендиясы) тек лауазымдық айлықақыны қамтиды;»;
1-1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын: